Жаңалықтар тізбегі
0

Алматылық ер адам өзін ұрып-соқты деп "полицейді" айыптаған

Полицей, ұрып-соғу, алматылық ер адам, әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.10.2023 19:46 Сурет: polisia.kz
Алматыда "полицей" көлік жүргізушісі мен оның қызын ұрды деп айыпталады. Арызданушы аталған оқиға 28 қыркүйекте болғанын айтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ер адам 10 жасар қызымен бірге Алексей Хегай көшесімен келе жатқанда КамАЗ оның жолын жауып, көлденең тұрып алғанын айтады. Ол жүк көлігінің жүргізушісінен бір шетке ығысуын өтінген, бірақ осы кезде белгісіз біреу көлікке кіріп, оны ұра бастаған. Төбелескендерді ажыратуға тырысқан қызы да зардап шеккен. Сөз соңында ер адам өзіне шабуылдаған полиция қызметкері болғанын айтады.

Видеода бейәдеп сөздер бар!

Қалалық полиция департаменті 28 қыркүйекте Наурызбай ауданында жол қозғалысының екі қатысушысы арасында жанжал болғанын растады, ақрында бірі екіншісінің ұялы телефонын тартып алған. 

"Оның қарсыласы ұялы телефонын алуға тырысқан, бірақ ол қашып кеткен. Қазіргі уақытта полицияға ұялы телефонды тонау дерегі бойынша арыз келіп түсті", - деді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, қазіргі уақытта дене жарақатын алу фактісі бойынша өтініш-арыз түспегені де атап өтіледі.

"ҚР ҚІЖК 24-бабының өндіріс материалдарының объективтілігі, жан-жақтылығы мен толықтығы туралы талаптарын ескере отырып, тергеу әрекеттері жүргізілуде".

Сонымен қатар, ведомство нақтылап өткендей, ер адам полиция қызметкері емес.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: