Қалдықтар арасынан еліміздің бірнеше туын тауып алған атыраулық: Бұл бізді басыну ма

Ту, қалдықтар арасында, Атырау облысы, Қарабатан кен орыны, әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.10.2023 19:54 Сурет: akorda.kz
Әлеуметтік желіде тұрмыстық қалдықтар арасында жатқан Қазақстан Республикасының бірнеше туының видеосы тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция аталған видеоның Атырау облысындағы Қарабатан кен орнындағы вахталық қалашықтың аумағында түсірілгенін нақтылады, деп хабарлайды "Мой город".


"Бұл - SICIM базасы. Біздің мемлекеттік рәміз №8 блоктың жанындағы тұрмыстық қалдықтардың арасында жатыр. Бұл бізді басынғаны ма? Бір шара қолданыңдар", - дейді видеоны түсіріп жүрген ер адам.
"Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 372-бабы, яғни "ҚР Мемлекеттік рәміздерін қорлау" бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде", - деп хабарлады Атырау облысы ПД баспасөз қызметі.

Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: