Қайрат Сатыбалды сырттағы 300 млн доллар активін елге қайтарды

Қайрат Сатыбалды, Антикор, 300 млн доллар, актив, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.10.2023 18:55 Сурет: Kaspi Bank-тің баспасөз қызметі
Антикордың сотқа дейінгі тергеп-тексеру қызметінің басшысы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің генерал-майоры Қанат Сүлейменов AMANAT партиясында өткен баспасөз мәслихатында Қайрат Сатыбалды сырттағы 300 млн доллар активін елге қайтарғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сыртқа заңсыз жылыстатылған активтерді қайтару бойынша жұмыстар өз жалғастығын табуда. Өткен жылдан бастап Қазақстанға 857 млрд теңгенің активтері елге қайтарылды.

"Олардың арасында Қайрат Сатыбалдының қайтарған қаражаты да бар. Бұл - шамамен 300 миллион доллар". Қанат Сүлейменов

Бұл ретте заңсыз активтерін өз еркімен қайтарған өзге адамдардың аты-жөні жария етілмеді.

2022 жылы 13 наурызда Антикор Қайрат Сатыбалдыұлының ұсталғанын мәлімдеді. 2022 жылдың 26 қыркүйегінде ол алты жылға бас бостандығынан айырылды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: