Жетісу облысында жол апатынан тоғыз адам зардап шекті, оның төртеуі - бала

Жол апаты, Жетісу облысы, Балпық би - Мәмбет тас жолы, Ауди 100, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.10.2023 17:34 Сурет: Жетісу облысы ПД баспасөз қызметі
Көксу ауданында Ауди-100 ГАЗ САЗ жүк көлігімен соқтығысып, 9 адам зардап шекті. Зардап шеккендердің арасында 4 бала бар, деп хабарлайды Zakon.kz.

14 қазанда Еңбекшіқазақ ауылының маңындағы Балпық-би - Мәмбет тас жолында жол апаты орын алды.


"Оқиға орнынан 9 адам ауруханаға жеткізілді, олардың екеуі (екі көліктің жүргізушілері) медициналық тексеруден кейін амбулаториялық деңгейде ем қабылдау үшін үйлеріне босатылды. Қалған жетеуі дәрігерлердің бақылауында. Олардың ішінде 2011, 2018, 2019, 2021 жылы туған төрт кәмелетке толмаған бала бар". Жетісу облысы ПД

Аталған факті бойынша бірқатар сараптамалар тағайындала отырып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Екі көлік те арнайы автотұраққа қойылды.


Сурет: Жетісу облысы ПД баспасөз қызметі


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: