Жаңалықтар тізбегі
0

"Мүгедекті мүсіркейді": Депутат мүгедектігі бар жандарға жұмыс орны міндетті түрде ұйымдастырылсын дейді

"Мүгедекті мүсіркейді": Депутат мүгедектігі бар жандарға жұмыс орны міндетті түрде ұйымдастырылсын дейді, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.10.2023 12:42 Сурет: Zakon.kz
18 қазандағы парламент мәжілісінің кезекті отырысында "Ауыл" партиясы Фракциясының мүшесі Таңсауле Серіков премьер-министр Әлихан Смайыловқа мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа орналастыру мақсатында квотаны орындау туралы сауалын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Депутаттың айтуынша, БҰҰ мүгедектігі бар тұлғалардың құқығын қорғау жөніндегі конвенциясына қол қойылғаннан бастап Қазақстанда мүгедектігі бар тұлғалардың құқығын қорғауға және жұмыспен қамтамасыз етуге байланысты заңдар мен заңға қарасты актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. 2015 жылы үкіметпен әр мемлекеттік мекемеде, әр квазимемлекеттік мекемелерде, ұлттық компанияларда,жеке меншік кәсіпорындарда мүгедектігі бар тұлғаларға денсаулығына зиян келтірмейтін жұмыс орындарын ұйымдастыруға тапсырма берілген еді. 2016 жылы бұл көрсеткіш 2%-дан 4%-ға дейін деп көрсетілген.  Демек жұмысшы саны 50-ден 100 адамға дейінгі кәсіпкерлік субъектілері үшін квота - 2%, 101-ден 250 адамға дейін - 3%, 250 адамнан астамға - 4% белгіленген. Ал әлемнің көптеген елінде бұл квота 6%.

Серіковтың сөзінше, 2023 жылдың көктемінде әлеуметтік кодекс күшіне енген еді. Биыл 7 маусымда еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен мүгедек адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау ережесі бекітілген еді. Сол бекітілген ереже, ол тапсырма сол күйінде.

"Қағаз жүзінде бәрі тамаша, кеңестер өткізілді, тапсырма берілді. Біз тіпті жаз айларында ел ішін аралағанда облыс, аудан, ауыл әкімдері бұдан хабарсыз екенін көрдік. Сонда президенттің тапсырмасын, үкіметтің нұсқауын елемегені ме? Міне, осыдан кейін қалай мүгедек жандар жұмысқа тұрады, қалай дамимыз? Сонда бүгінге дейін біз кімді алдаймыз? Бірде бір ұйым мүгедекті жұмысқа алғысы келмейді. Мүгедекті мүсіркейді. Ал енді көп мекемелерде мүгедек жұмыс істеп жүргенін білмейді, неге? Себебі олар өзінің мүгедек екенін айтқысы келмейді. Өйткені жұмыстан айырылып қалудан қорқады. Өкінішке қарай күннен күнге мүгедектігі бар жандар саны артып келеді. Сондықтан олар ертеңгі күніне сенімді болуы үшін біз оларға көмектесіп, ұйымдастыра білуіміз керек", - деді депутат Таңсәуле Серіков.

Мәжілісмен президенттің тапсырмасы міндетті түрде орындалуға тиіс және оны үкімет қадағалауы керек деп есептейді.


"Оқу орындарын бітірген мүгедек жандарға мемлекет ақша төлейді, бірақ жұмыс беруші оны жұмысқа алмайды екен, сонда бұны қалай түсінуге болады? Әр министрлік, әр әкімшілік бір біріне сілтемей ең әуелі өзінен бастау керек, президенттің тапсырмасымен өз штаттарына 2%-дан 4% аралығында қызмет орны ұйымдастырылуы қажет. Осының бәрі министрдің және әр мекеме басшысының бақылауында болуға тиіс. Олардың жәрдемақысын көбейте бергенше, жұмыс орындарымен қамтамасыз еткен дұрыс. Мүгедек жандар мемлекет мойнында отыра бермей, оларға жұмыс беріп өз нәпақаларын өздері тапса, олар бізде еңбек етіп нан тауып жүрміз деп, тіпті жәрдемақыға да қарамас еді. Мысалы Германия, Ұлыбритания, Австралияда жұмыс беруші мүгедектігі барлардың артынан жүріп отырады. Бізде керісінше мүгедектігі барлар жұмыс берушінің артынан жұмыс сұрап жүреді. Жәрдемақыны ұлғайта бергеннен ештеңе шықпайды, оданда жұмыс орындарымен жәрдемдесуіміз қажет. Біз бағанадан 2%дан 4% аралығында айтып тұрмыз, заңды түрде солай. Бірақ ең құрығанда 1% дық көрсеткішке қол жеткізейікші". Депутат Таңсәуле Серіков

Депутат айтқан дерекке сай, Қазақстанда 720 мыңнан астам мүгедек жандардың 62% ы еңбекке қабілетті жастар.

Осы орайда депутат мына ұсыныстарды айтты:

  1. Мүгедектігі бар жандар үшін жұмыс орындары міндетті түрде ұйымдастырылсын және қатаң түрде қадағалансын.
  2. Орындамаған ұйымдарға үлкен мөлшерде айыппұл салынсын. Сол айыппұлдан түскен қаржыға мүгедектігі бар тұлғаларға жұмыс орындары ұйымдастырылсын.
  3. Оқу ағарту министрлігіне, ғылым және жоғары білім министрлігіне мүгедектігі бар жандар үшін жоғары оқу орындарында, колледждерде сапалы мамандар даярлайтын, қайта даярлайтын оқу орындары ұйымдастырылсын.
  4. Оқу орындарын тәмамдаған мүгедектігі бар жандар мемлекеттік, квазимемлекеттік ұйымдарда 100% жұмысқа орналастырылсын және қадағалансын.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: