Ата-ана құқығынан айырылған адам қайтыс болған ұлынан қалған мұраға таласа ала ма

Ата-ана құқығынан айырылған адам қайтыс болған ұлынан қалған мұраға таласа ала ма, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.10.2023 17:20 Сурет: pexels
Ата-ана құқығынан айырылған адамның қайтыс болған ұлының мұрагерлік үлесін талап етуге құқығы бар ма? Бұл сұраққа Әділет министрлігі жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Азаматтық кодекске сай, ата-ана құқығынан айырылған және мұра ашылған кезде бұл құқық қалпына келмеген балаларынан кейін ата-ананың заң бойынша мұрагерлікке құқығы жоқ", - деп түсіндірді Әділет министрлігі.

Бұл құқықтан өсиет қалдырушыны асырау бойынша заң күшімен өздеріне жүктелген міндеттерді орындаудан жалтарған ата-аналар (асырап алушылар) және кәмелетке толған балалар (асырап алынғандар) айырылады.

Бұл ретте лайықсыз мұрагерлерді мұрадан шығаруға негіз болатын мән-жайларды сот белгілейді.

Бұған дейін біз күйеуі қайтыс болғаннан кейін әйелі оның жалақысы мен демалыс өтемақысын ала алатынын айтқан едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: