Ақтауда мефедронның 1500 дозасын сақтаған 23 жастағы жігіт ұсталды

Мефедрон, Ақтау, 23 жастағы жігіт, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.10.2023 20:46 Сурет: polisia.kz
Маңғыстауда заңсыз айналымнан 1500-ден астам бір реттік доза болатын синтетикалық есірткі алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Маңғыстау облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері өткізетін жедел-іздестіру іс-шараларының кешені шеңберінде Ақтау қаласының 13-ықшам ауданында 23 жастағы жігіт аса ірі мөлшерде есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз сақтағаны үшін ұсталды.


"Тәркіленген мефедрон синтетикалық есірткі затының салмағы – 200 грамм. Сондай-ақ ұсталған адам салмағы 170 грамм болатын экстази есірткі қоймасын көрсетті. Заңсыз айналымнан алынған синтетикалық есірткі құралдарының жалпы салмағы – 370 грамм". Маңғыстау облысы ПД

Бұл дерек ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі бойынша Ақтау қаласы ПБ СДТБТ-ға тіркелді.

Соттың санкциясымен күдікті 2 ай мерзімге қамауға алынды.

Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: