Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жазасы қатаңдатылды
ҚР ІІМ таратқан мәлімет бойынша, жаңа түзетулер жәбірленушілердің өтінішінсіз әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға мүмкіндік береді.
"Тұрмыстық зорлық-зомбылық жасау фактісі бойынша хаттама жасау үшін қазір куәгерлердің, көршілердің айғақтары, бейнебақылау камералары мен бейнетіркегіштің жазбалары жеткілікті. Соңғы шешімді сот қабылдайды".ҚР ІІМ баспасөз қызметі
1 шілдеден бастап сотта тек бір рет татуласуға болады.
Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, бұл зардап шеккендерге психологиялық қысым жасауды тоқтатуға мүмкіндік береді. Бұған қоса тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік күшейтілді. Әкімшілік қамауға алудың нақты мерзімдері анықталды.
19 мамырдан бастап Қылмыстық кодекстің ауыр және ауырлығы орташа денсаулыққа зиян келтіруге байланысты жекелеген баптарына "кінәліге материалдық немесе өзге де тәуелділікте болған адамға қатысты іс-әрекет жасау " біліктілік белгісі енгізілді (ҚК 106-бабы, ҚК 107-бабы). Бұл қылмыскерді оқшаулау үшін қамауға алу санкциясын қолдануға, сондай-ақ жауапкершілікті арттыруға мүмкіндік береді.
"Сондай-ақ тұрмыстық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік күшейтілді. Нәтижесінде соңғы төрт айда (шілде-қазан) жауапқа тартылғандар саны артты. Егер осы жылдың екінші тоқсанында 7 мың адам жауапкершілікке тартылса, үшінші тоқсанда олардың саны 27 мың адам болды (қазан айында – 9,5 мың). Тиісінше, қамауға алынған агрессорлардың саны 2 есе өсті. Биылғы жылы барлығы 60 мың (60741) құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға қатысты 75 мың қорғаныс ұйғарымы шығарылды".ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Соттар құқық бұзушылардың мінез-құлқына 12 мың ерекше талап қойды. Олардың тарапынан белгіленген шектеулерді 10 мың бұзушылықтың жолын кесті.