Жаңалықтар тізбегі
0

Прокуратура кәсіпкерлерді "теміржолшылардан" қорғауға мәжбүр

Бизнес, кәсіпкер, теміржол, Бас көлік прокуратурасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.11.2023 18:38 Сурет: pixabay
Бас көлік прокуратурасы бизнестің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері жоғары қадағалаудың басты нысаны болып қала беретінін нақтылайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көлік прокуратурасы органдарының талдаулары мен тексерулерінің нәтижелері қоғамға жеткізіліп отырады, оның ішінде станция ішінде вагондарды беру-алып кеткені үшін қосымша алымдарды өндіріп алудың заңсыз тәжірибесі, "ҚТЖ" АҚ кірме жолдардың меншік иелеріне негізсіз шектеулер қою туралы заңсыз телеграфтық нұсқауларын және басқаларын жою бойынша мысалдар болды.

Ведомство мәліметінше, бүгінгі күні бизнестің кінәсінен емес жылжымалы құрамның бос тұрғаны үшін кәсіпкерлерден темір жол алымын өндіріп алудың заңдылығы, жүктерді (негізгі және қосымша) тасымалдауға арналған жоспарларды келіспеу, кәсіпкерлердің жеке шотынан олардың келісуінсіз шешіп алу, вагондарды, контейнерлерді тасымалдауға арналған кодтарды беруден уәжделмеген бас тарту және т.б. мәселелер зерделенуде.

"Бұған кәсіпкерлердің сигналдарына жүргізілген жедел талдау мен "Атамекен" ҰКП Ұлттық оператор қызметіндегі жүйелік сипаттағы бұзушылықтар туралы ақпараты негіз болды".   Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі

Мысалы, "Теміржол көлігі туралы" Заңның 49-бабына сәйкес Ұлттық оператор магистральдық, станциялық жолдардағы, сондай-ақ теміржол жолдарындағы вагондардың бос тұрғаны үшін жүк жөнелтушіні, жүк алушыны, тармақ иелерін немесе вагон иелерін тек соңғылардың кінәсі болған жағдайда ғана айыппұл сала алады. 

Сонымен қатар, прокурорлық тексерулер кәсіпкерлердің кінәсінен емес, вагондардың бос тұрғаны үшін бизнес субъектілеріне негізсіз айыппұл салу фактілері әлі де орын алып отырғанын көрсетті.

Жоғарыда айтылғандарды хабарлай отырып, Бас көлік прокуратурасының мобильді тобының 8 (7172) 30 -18 - 20 немесе 8 (777) 050 - 77 – 27 нөмірлері сондай-ақ, ресми сайты мен Instаgram-дағы baskolik_prokuraturasy парақшасында көрсетілген нөмірлер жұмыс жасайтынын назарға сала отырып, олар бойынша кәсіпкерлер бұзылған құқықтары мен заңды мүдделері туралы хабарлауына болады (қажет болған жағдайда анонимділікке кепілдік беріледі).

Сондай-ақ, мобильді топ бизнесті жүргізу бойынша жағдайларды жақсарту үшін уәкілетті мемлекеттік органдардың қолданыстағы құқықтық құжаттарын қайта қарау бойынша ұсыныстар қабылдауға дайын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: