Жаңалықтар тізбегі
0

Желіде мемлекеттік қызметкерге дәлелсіз айып таққан тараздық 3,5 жылға сотталды

Сот үкімі, Тараз, облыс әкімінің орынбасары, жала жабу, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.11.2023 20:33 Сурет: freepik
Тараз қаласының №2 соты көрінеу жалған сөз жеткізу туралы істі қарады. Сотталушыға ҚР ҚК-нің 419-бабы, 3-бөлігі бойынша адамды ауыр қылмыс жасады деп кінәлау арқылы көрінеу жалған сөз жеткізді деген айып тағылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сотта 2022 жылдың қазан айында сотталушы К. өзін саяси жағдайдың құрбаны ретінде ой қалыптастыру мақсатында көлігінің өртенуін өзі тапсырыс беріп түсірген бейнежазбаларды Facebook әлеуметтік желісі арқылы таратқаны анықталды. Ол өз көлігінің өртенгенін ұйымдастыра отырып, оған облыс әкімінің орынбасарын айыптап, тиісті арызбен Жамбыл облысы бойынша ПД-ға жүгінген. 

"Бөтеннің мүлкін қасақана жою фактісі бойынша іс қозғалып, қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамы болмауына байланысты іс қысқартылды. Осылайша К. қылмыс жасалғаны туралы көренеу жалған сөз жеткізген. Сотталушының кінәсі куәлердің айғақтарымен, бейнежазбалармен, айғақ заттар негізінде өз дәлелін тапты", делінген сот хабарламасында.

Прокурор сотталушыға 5 жыл 4 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Сотталушы өз кінәсін мойындамады.

"Сотта қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде кәмелетке толмаған балаларының болуы танылды. Ал, жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар анықталмады. Соттың үкімімен К. ҚР ҚК-нің 419-бабы, 3-бөлігі бойынша кінәлi деп танылып, оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын айыру жазасы тағайындалды". Тараз қаласының № 2 сотының баспасөз қызметі

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: