Жаңалықтар тізбегі
0

Ішкі істер министрлігінде ведомство қайраткерлерінің кездесуі өтті

Кездесу, ІІМ қайраткерлері, полиция, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.11.2023 14:12 Сурет: ҚР ІІМ баспасөз қызметі
ІІМ-де әр жылдары Ішкі істер органдарында қызмет атқарған, өмірін аса жауапты іске – азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етуге, қылмысқа қарсы күреске арнаған ведомство қайраткерлерімен кездесу өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс-шараның мақсаты – аға буынға құрмет көрсету, тәжірибе алмасу, полиция қызметіне қатысты мәселелерді талқылау. Ең бастысы – тәлімгерлер кеңесін құру

"Сіздер тәуелсіздік таңында қылмыспен күресіп, өз кәсіби шеберліктеріңізбен азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың берік негізін қаладыңыздар. Қазіргі қызметкерлер мен болашақ басшылар үшін жұмысты жетілдіру бойынша кеңестеріңіз маңызды. Мұндай кездесулерді біз дәстүрге айналдыруды жоспарлап отырмыз", – деп атап өтті Ішкі істер министрі Ержан Саденов.

Қонақтарға елдегі қылмыстық ахуал туралы айтылып, полицейлердің күнделікті жұмысында қолданылатын цифрлық шешімдер көрсетілді. Бұл - бейнебақылау жүйесі, жаңа бейнежетондар, дабыл түймелері, "102" мобильді қосымшасы және жол жүрісі қағидаларын бұзушыларды анықтауға көмектесетін “Қорғау” бағдарламасы.

Ішкі істер органдарының еңбек сіңірген қызметкерлеріне ішкі кадрлық процестерді оңтайландыру жұмысы, Ұлттық ұланның әскери және арнайы техникасы таныстырылды. Аға буынның бай өмірлік тәжірибесі мен терең білімі жас офицерлерге шеберліктерін шыңдауға, қызметтің маңыздылығын түсінуге және айналадағыларға құрметпен қарауды үйренуге көмектеседі.


"Қызығы мен қиындығы қатар жүретін қызмет… Қателескен әріптесті демеп, оған көмектесу керек. Ал қаскөйлерді бұл қатардан аластату қажет. Біз сіздерге әрдайым қол ұшын созуға дайынбыз", – деді Халық қаһарманы Қайырбек Сүлейменов.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: