Екібастұзда кісі қолынан қаза тапқан 7 жасар Милана жер қойнына тапсырылды
Милана Давыдовамен қоштасуға келген еріктілер қылмысқа барған келіншектің жауыздық әрекетін жайып салды. Безбүйрек ана қаршадай қызға тірісінде де тыныштық бермепті. Олардың сөзінше, безбүйрек ананың қызына қатал қарағанын екі бауыры айтып берген. 6 және 9 жастағы ұлдарына саусағының ұшын да тигізбеген. Ал Милананы үнемі аямай сабаған көрінеді. Қылмыс болатын күні де ұлдарын көршісіне апарып тастап қызын ұрып өлтірген. Артынша ашынасына айтып, мәйітті үйілген қоқыс арасына көмдіріп тастаған. Баласының жоғалғанын айтып, сосын жұрттан көмек сұрапты. Қазір күдікті келіншек сыбайласымен бірге қамауда отыр. Екі баласын бейімдеу орталығына алып кетті. Милананы атасы мен әжесінің жанына жерледі, деп хабарлайды КТК.
"Үлкен ұлы Милананы анасы үнемі ұратынын айтты. Бауырларының біреуі - алты жаста, екіншісі - тоғызда. Оларды бірден алып кетті. Ал анасы қызын "неге өлтірдің" деген сауалға тергеушілерге "балаларым шаршатты, ешкімді тыңдамайды" деп ақталған", - дейді волонтер Олеся Каноненко.
Айта кетсек, 17 қарашада полиция сағат 16:00 шамасында 39 жастағы әйел үш баласымен демалыс күндері ауылдан 15 шақырым жерде орналасқан шаруа қожалығындағы жұбайына барғысы келгенін анықтады. Милана анасымен бірге бармай, қалып қойды. Содан кейін үйден шығып кетіп, жоғалған. Қызды кейінгі рет ауылдан 1,5 шақырым қашықтықта орналасқан бөлімшеде көрген.
Павлодар дереу дабыл бойынша полицияның жеке құрамы көтерілді. Тіпті, іздеу жұмыстарына тікұшақта тартылды.
Кейіннен қыз өлі күйінде табылды.