Бала сатқан АХАЖ қызметкерлері: Алматыда апелляциялық шағым бойынша сот үкімі шықты
"Апелляция жаңа туған сәбилер саудасымен айланысқан 7 тұлғаға қатысты үкімді өз күшінде қалдырды", делінген сот хабарламасында.
Сотта 2018 жылдан бастап 2022 жылғы наурызға дейін АХАЖ-дың бұрынғы қызметкері балаларды сатып алу-сату және басқа да мәмілелер бойынша 4 эпизодты өз бетінше жасаған. Ол қылмыстық топ құрып, оның құрамына С. және Е. (жұмыссыздар) және белгісіз Э. есімді әйел кірген. Аталған қылмыстық топтың мақсаты жаңа туған сәбилерге қатысты сатып алу-сату және басқа да мәмілелер жасау арқылы табыс табу болды. А.-ның міндеттеріне қылмыстық топқа жалпы басшылық жасау, сондай-ақ туу туралы куәліктер дайындау кірді. С., Е. және белгісіз әйел Э-нің міндеттері жаңа туған сәбилерінен бас тартуға дайын адамдарды және жаңа туған балаларды асырап алуға ниет білдірген адамдарды іздеу және келіссөздер жүргізу, ақша алу және кейіннен оларды А-ға беруді қамтыды.
Г., Б., М. және Н.-ның әрқайсысы жаңа туған сәбилерге қатысты сатып алу-сату мәмілелерінің бір эпизодына ғана қатысқан және қылмыстық топқа кірмеген. Іс бойынша барлығы 12 жаңа туған сәбиге қатысты сатып алу-сату және сыйға тарту мәмілелері жасалды. Сонымен қатар, Б-ға алаяқтық жасады деген айып тағылған, яғни жәбірленушінің атына 1 000 000 теңгеге жуық сомаға несиені алаяқтық рәсімдеу арқылы ақша жымқырды деп айыпталды. Сондай-ақ, сот Г. және Б.-мен бірге тұратын тұлғалар жаңа туған сәбилерін сатудан өз еркімен бас тартқанын анықтады, бірақ А. мен белгісіз әйел Э. оларды алдап, баланы алып, сатып жіберген.
Қылмыстық қудалау органы балаларынан бас тартқан аналарға және осы балаларды өздері асырап алу үшін сатып алған адамдарға қатысты сотқа дейінгі тергеу барысында қылмыстық істер ҚК-нің 65 бабы бойынша әрекетті өкініш білдіргендері үшін тоқтатылғанын атап өткен жөн.
Сотталушы әйелдер М. 1956 ж.т. – 67 жаста және Н. 1953 ж.т. - 70 жаста, босанғаннан кейін анасы бас тартқан баланы осы сәбиді асырап алғысы келген тұлғаларға өтеусіз берудің бір эпизодына қатысқан.
Сот үкімімен А., С. және Е. қылмыстық топ құрамында кәмелетке толмағандарға қатысты мәмілелер жасасқаны үшін тағылған барлық айыптар бойынша кінәлі деп танылды және сотталды:
- А. – 14 жыл, ал С. және Е. – әрқайсысы 12 жыл мерзімге бас бостандықтарынан айырылды. А. ҚК-нің 385 б.-ның 1 және 2 б. бойынша айып тағылған 11 эпизодтың 6-сы бойынша (құжаттарды қолдан жасау) қылмыстық құқық бұзушылық құрамының дәлелденбегені үшін ақталды.
- Г. және Б. - ҚК-нің 135 б., 2 б., 1 т. бойынша кінәсіз деп танылды және қылмыстық құқық бұзушылық құрамының жоқтығы үшін ақталды;
- Б. ҚК-нің 190 б., 1 б. (онша ауыр емес) бойынша кінәлі деп танылып, 1 жыл бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды, сондай-ақ жаза мерзімінде қамауда ұстау мерзімін есепке жатқызу қағидаларына сәйкес өтеліп қоюына байланысты оны өтеуден босатылды.
- М. және Н. - кінәлі деп танылды және ҚК-нің 65 б. бойынша әрекетті өкініш білдіргендері үшін қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.
Жергілікті білім басқармаларына қолданыстағы заңнамаға сәйкес заңсыз асырап алынған балалардың тағдырын анықтау туралы жеке қаулы жіберілді.