Жаңалықтар тізбегі
0

Крипто биржаның абыройы аймандай болды. Роналдуды сотқа бергендер 1 млрд доллар талап етуде

Криштиану Роналду, Binance, жарнама, крипто валюта, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.12.2023 14:40 Сурет: Instagram/cristiano
Флорида сотына крипто биржаны жарнамалаған Криштиану Роналдудың үстінен ұжымдық шағым түскен. Криштиануға "Binance-пен келісе отырып, тіркелмеген бағалы қағаздарды ұсынуға және сатуға ықпал етті" деген айып тағылып, 1 млрд доллар (!) өтемақы талап етіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Иә, бүгіндері әл-Насыр клубының футболшысы болып табылатын атақты аргетиналық форвардтан 1 млрд доллар өтемақы төлеу талап етіледі.

"Роналду жай адам емес. Оның ақылшы-кеңесшілері жетерлік. Құнды қағаздармен де көп жылдар бойына айналысып келеді. Сондықтан ол бұл арада алаяқтық барын біліп-сезді, Binance-тың тіркелмеген крипто қағаздарды саудалаумен айналысатынын. Сондықтан ол да бұл ретте жауап беруі тиіс", делінген талап-арызда.

Бұл арада мәселе қыз зорлығы айыбынан да қиын болайын деп тұр. Иә, алдында модель Кэтрин Майорги оны өзін зорлады деп айыптаған, алайда сотта атақты спортшы күні кеше ақталып шыққан болатын. 

Мәселе негізі мынадан басталды: қараша айының соңында әлемдегі ең ірі крипто биржаның абыройы аймандай болды. Онлайн-сервистің бас директоры Чанпэн Чжао ақша жылыстатумен байланысты бұзушылықтар бойынша кінәсін мойындап, өз еркімен отставкаға кетті. Бұдан соң АҚШ әділет министрлігі "Binance 4,3 млрд доллар айыппұл төлеп, өзінің күмәнді қызметі туралы федеральды билікке есеп береді" деп мәлімдеді.

"2021-2022 жылдары виртуальды активтер нарығының көрігі қызып, бас айналдырарлық табыстарға көп адам қол жеткізе бастады. Ол кезде NFT-ның айлық сауда-саттық көлемінің ең биік шыңы 2,8 млрд долларға дейін жетті! Бұл көптеген инвестордың қызығушылығын туғызды, әсіресе жарнамасы көкті жарды. Белді клуб пен футболшылар да жарнамаға тартылды. Соның ішінде Роналду да бар. Ол жарнамалаған NFT-токендерінің ең арзаны 77 доллар тұрды. Ал уақыт өте келе онысы нөлге айналып, түкке жарамсыз болып қалды. Сондықтан да сан соққандар 38 жастағы шабуылдаушыны сотқа беріп, оны капиталдарын күмәнді дүниеге салуға шақырды деп айыптайды", делінген Championat.com жариялаған мақалада.

Криштиану Binance-мен әріптестікте жұмыс істейтінін 2022 жылы қарашада жариялаған. "Токендерді онлайн арқылы сатып алып, сатуға болады". Осылай деген португалдық спортшы әртүрлі сыйлықтарды да уәде еткен. Соның бірі - өзімен жекелей кездесу. Талап-арызда футболшы желідегі парақшасында өзі сатып алған NFT-токендерін ғана емес, жалпы биржаны бірнеше мәрте жарнамалағаны айтылады. Ал бұл компания үшін интернеттегі крипто биржа туралы сұраныс көлемін 500 пайызға арттыруға мүмкіндік берген.

АҚШ-тың Құнды қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясы (SEC) крипто валюта сынды активтер құнды қағаз ретінде санала алады, сондықтан оны жарнамалаушы тұлғалар АҚШ-тың осы саладағы заңдарын сақтауға тиіс екенін айтады. SEC басшысы Гари Генслер спорт "жұлдыздары" құнды қағаздарға ақша салу бойынша жарнама өздеріне қайдан түседі әрі ол үшін қанша ақы алатынын көп алдында ашық айтуы керектігін нақтылайды.

АҚШ прокуратурасы аталған биржа күмәнді трансакциялар туралы ақпараттарды құқық қорғау органдарынан қасақана жасырып, бақылау режиміне селкеу түсірді деп санайды.

"Binance бұл алаяқтықты Роналду секілді әлемдегі ең бай, ықпалды, көппен мойындалған тұлғалардың ерікті көмегі мен атсалысуы арқасында жүзеге асыруға мүмкіндік алды", делінеді талап-арызда.

Роналдудан бөлек баскетболдағы аңыз адам Шакил О'Нилдің үстінен де осы сипатта сотқа арыз түскен. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: