Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда тәртіп сақшыларына шабуыл жасаған күдікті ұсталды

Төбелес, Алматы, полицейлер, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.12.2023 21:30 Сурет: polisia.kz
Тәртіп сақшыларының талабын орындағысы келмеген жігіттер олардың өзіне тап берген. Бір полицейдің мұрны қанап, еріні жырылған. Оқыс оқиға 19 желтоқсанда Алматыда болған. Бір тәуліктен соң бұзақы жігіттердің бірі ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кетсек, 19 желтоқсан сағат 03:20-да Достық даңғылы мен Снегин көшесінің қиылысында патрульдік полицияның мамандандырылған батальонының экипажы жүргізушісінің іс-әрекеті күдікті болып көрінген Toyota автокөлігін байқайды. Қолданылған шаралардың арқасында көлік тоқтатылды. Көлік ішінде жүргізуші мен төрт жолаушы болған, олар бірден теріс қылық көрсетіп, мас күйде полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбады. Сонымен қатар ер адамдар өздерінің заңсыз әрекеттері себебінен тоқтатылған Toyota Camry көлігінің жүргізушісіне қашып кетуге көмектесті. Ол да мас күйінде рөлге отырған болуы мүмкін. Соның салдарынан жол қозғалысына қатысушыларға нақты қауіп төндірген.

Жүргізушінің жеке басы анықталды. Оны ұстау шаралары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ құқық бұзушылардың бірі заңды талапқа бағынбай, полиция қызметкерінің бетінен ұрған.


"Оның бұл әрекеттері ҚР ҚК-нің 380-бабы (Билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері) бойынша квалификацияланады. Сонымен қатар оқиғаға қатысушылардың барлығына қатысты ҚР ҚК-нің 379-бабы (Билік өкіліне бағынбау) бойынша қылмыстық іс тіркелді және ҚР ӘҚБтК-нің 667-бабы (Құқық қорғау органы немесе арнаулы мемлекеттік орган, әскери полиция органы, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерінің (әскери қызметшісінің), сот приставының, сот орындаушысының заңды өкіміне немесе талабына бағынбау) бойынша әкімшілік материалдар жинақталды", делінген Алматы қалалық ПД хабарламасында.

Полиция қызметкеріне қол көтерген ер адам қамауға алынды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: