Жаңалықтар тізбегі
0

Жұмыс берушілер өндірістегі жазатайым оқиға хабарламасын электрон форматта жіберуге міндеттеледі

Жұмыс берушілер өндірістегі жазатайым оқиға хабарламасын электрон форматта жіберуге міндеттеледі, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.12.2023 11:59 Сурет: pexels
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жазатайым оқиғалар туралы актіні еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға электронды форматта жіберу қағидаларын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қағидада өндіріске байланысты әр жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін жұмыс берушінің үш жұмыс күнінен кешіктірмей жазатайым оқиға туралы актісін жасауға және оны электронды форматта еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға жіберуге міндетті екені көзделген.

Жазатайым оқиға туралы акт "Электронды еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталы арқылы жіберіледі. Көрсетілген портал арқылы жазатайым оқиға туралы хабарлама жіберу үшін жұмыс беруші электронды цифрлық қолтаңбамен расталған жеке кабинетті тіркеуі қажет.

Жеке кабинетте жұмыс беруші жазатайым оқиға туралы актіні сканерленген көшірме түрінде тіркейді және электронды цифрлық қолтаңбамен қол қоя отырып, еңбекті қорғау және қауіпсіздік ақпараттық жүйесіне жібереді. Жазатайым оқиға туралы актіні жұмыс беруші немесе оның тапсырмасы бойынша жұмыс берушінің актісімен осы жауапкершілік жүктелген қызметкер береді.

Құжат 12 қаңтарға дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтына жарияланған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: