Жаңалықтар тізбегі
0

Солтүстік өңірде қоймадан құны 8 млн теңге болатын мерзімі өткен вакциналар табылды

Жарамдылық мерзімі өткен вакцина, СҚО, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.03.2024 17:14 Сурет: pixabay
Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау мекемелеріне тексеру жүрді. Нәтижесінде өрескел бұзушылықтар анықталды. Мысалы: медициналық мақсаттағы бұйымдарды ұтымсыз пайдалану, жалған екпе қою және ресми құжаттарды бұрмалау сынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Солтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасының 2024 жылдың 5 наурызындағы дерегіне сәйкес, тексеріс барысында қызылша мен сібір жарасына қарсы жалған екпенің 70-тен астам фактісін, сондай-ақ қалалық емханалардың бірінің медицина қызметкерлерінің ресми құжатты бұрмалау фактілерін анықтады.   

Сондай-ақ:

"Осылайша, санитарлық ережелердің талаптарын бұза отырып, денсаулық сақтау қоймасында 7,8 млн теңге сомасында 1,8 мың доза көлемінде қызылша, паротит, қызамық және А гепатитіне қарсы жарамдылық мерзімі өтіп кеткен вакциналар болғаны анықталды".     

2024 жылы 4 ақпанда прокуратура органдарының материалдары негізінде Петропавл қалалық полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабы, яғни "Жалған құжаттарды қолдан жасау, дайындау және өткізу бойынша" сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, тергеу әрекеттері жүргізілуде.       

"Жалпы, анықталған бұзушылықтар медициналық мекемелердің Бюджет кодексінде көзделген заңды негіздемесіз иммунобиологиялық препараттарды сатып алуға өтінімдерді қалыптастыруына байланысты орын алған".Солтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

                   

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: