Жаңалықтар тізбегі
0

"Қаңтар оқиғасы" барысында азаптау тәсілін қолданған бұрынғы полицейлер сотталды

Сот кімі, Талдықорған, қаңтар оқиғасы, бұрынғы полицейлер, азаптау, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.03.2024 18:37 Сурет: pixabay
Талдықорған қаласының сотында "қаңтар оқиғасы" барысында азаптау тәсілін қолданған бұрынғы полиция қызметкерлеріне қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жетісу облысы прокуратурасының хабарлауынша, 2024 жылы 18 наурызда Талдықорған қаласының соты "қаңтар оқиғасы" барысында азаптау тәсілдерін қолданған бұрынғы полиция қызметкерлеріне қатысты үкім шығарды (ҚК 146-бабы).

"Қылмыстық іс Жетісу облысының арнайы прокурорларымен тергеп-тексерді. Мемлекеттік айыптаушылар 2022 жылғы 5-16 қаңтар аралығында Алматы облысы полиция департаментінің ғимаратында кінәлі тұлғаларға қатысты физикалық зорлық-зомбылықпен қатар, тергеудің тыйым салынған әдістерін жасағаны дәлелденді", делінген хабарламада. 

Прокуратура заңсыз әрекеттердің салдарынан жеті жәбірленушіге әртүрлі дәрежедегі дене жарақаттары келтірілгенін нақтылайды.

"Сот үкімімен үш сотталушы 4 жылдан 6 жылға дейінгі бас бостандығынан айырудың әртүрлі мерзімдеріне сотталып, олардың біреуі бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазаға тартылды. Сонымен қатар, сот оларды арнайы атақтарынан және мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды", делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: