Алматы облысында жер телімін қайтарып алып беремін деген үшеу темір торға тоғытылды
Қарасай аудандық соты баспасөз қызметінің мәліметінше, 2021 жылдың қыркүйегінен 2023 жылдың мамыр аралығында Жапашева мен Жеңісбекова "Каменский" АТМЗ бұрынғы жұмысшылары" тұтыну корпоративінің өкілдері болып лауазымды қызмет атқарған.
"Олар Алматы облысы Қарасай ауданы Жаңатұрмыс ауылында орналасқан екі жер учаскесі А-ға тиесілі екенін біле тұрып, алдау және сенімді теріс пайдалану арқылы жәбірленушілерді сол жер учаскелеріне "Каменский" АТМЗ бұрынғы жұмыскерлері" кооперативінің бұрынғы қызметкерлерінің мұрагерлері ретінде пай түрінде алуға құқықтары бар деп сендіріп, оны ақшалай қаражатқа алуға көмектесуге уәде берген", делінген сот хабарламасында.
Сондай-ақ, Жапашева Қ-мен бірлесе басқа да тергеумен анықталмаған белгісіз адамдар тобымен алдын-ала келісе отырып, А-ға тиесілі аяқталмаған жеке үйдің аумағына өз еркімен кіріп, құрылыс материалдарын өз бетімен көшеге шығарып тастаған. Содан соң жұмысшыларды аталған үйдің аумағынан қуып, жәбірленуші А-ға жалпы сомасы 2,8 млн теңге көлемінде материалдық залал келтірген.
"2022 жылы қарашада сотталушы Қ. Жапашеваның бұрынғы қызметкерлерге бөтен адамның жер учаскелерін бөліп бере бастағанын пайдаланып, жәбірленуші Е-ден бір жер телімін алуға көмектесуге уәде беріп, 600 мың теңге көлемінде ақшасын алған", - дейді соттағылар.
Сот сотта белгіленген мән-жайларды ескере отырып, ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағынан ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 4) тармағына Ж.Л. мен Ж.А.-ның іс-әрекеттерін қайта тағайындап, яғни "Аса ірі мөлшерде жасалды" деген айыбы алып тасталып, оларға түпкілікті 3 жыл 6 ай мерзімге және 3 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады. Сонымен қатар сот олардың әрқайсысына қоғамдық жұмыстар түрінде 40 сағат мерзімге жаза тағайындады.
Сонымен қатар, сот Қ-ны ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігінің 1) тармағы бойынша кінәлі деп танып, оған 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
"ҚР ҚК-нің 58-бабының 3-бөлігінің негізінде түпкiлiктi жаза онша қатаң емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға сiңiру арқылы сотталушы Ж.Л. 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру, ал сотталушы Қ. – 2 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды". Алматы облысы Қарасай аудандық сотының баспасөз қызметі
Үкім заңды күшіне енген жоқ.