Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысында екі шетелдік психотроптық заттар өндіретін жасырын зертхана ашқан

Есірткі зертханасы, Алматы облысы, шетелдік азаматтар, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.04.2024 12:59 Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
ҚР ҰҚК-нің Алматы облысы бойынша департаменті 22 наурызда жеке үйде орналасқан психотроптық заттарды өндіретін жасырын зертхана әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осы құқық бұзушылық жасады деген күдікпен екі шетелдік ұсталды, деп хабарлайды құзырлы ведомствоның баспасөз қызметі.

Тінту барысында 20 келіге жуық синтетикалық есірткі, 1 мың литр прекурсорлар мен "синтетика" жасауға арналған жабдықтар алынды.

Синтетика, есірткі зертханасы, Алматы облысы, ҰҚК, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.04.2024 12:59

Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Синтетика, есірткі зертханасы, Алматы облысы, ҰҚК, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.04.2024 12:59

Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

"Алдын ала табылған шикізат шетелден логистикалық компаниялар арқылы жасырын түрде жеткізілгені анықталды. ҚР Қылмыстық Кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Соттың санкциясымен ұсталған адамдарға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды".ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Писхотропты заттар, Алматы облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.04.2024 12:59

Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: