Жаңалықтар тізбегі
0

Бөгеттердің бұзылуына қатысты елімізде үш жекеменшік компания жауапкершілікке тартылуы мүмкін

Жекеменшік компания, бөгеттердің бұзылуы, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.04.2024 18:39 Сурет: unsplash
Қаржылық мониторинг агенттігі еліміздің үш облысында селден қорғайтын бөгеттер мен су қоймаларын салу және өзен арналарын кеңейту жұмыстарын жүргізуі тиіс мердігерлерге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, тергеу үш өңірде жүргіліп жатыр: Алматы облысы, Ақтөбе облысы және Ұлытау облысы.

ҚР ТЖМ "Қазселденқорғау" ММ-мен келісімшартқа отырған мердігер ұйымның директоры бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша күдікке ілінді. ЖШС Алматы қалас "Ақсай өзенінің бассейнінде селді ұстайтын бөгет салу" жобасын іске асырған.

"ЖШС-ның жауапты тұлғалары алдын ала сөз байласу арқылы, аса ірі көлемде, бюджет қаражатын жымқырды деп күдікке ілінді. Залал сомасы алдын-ала есеп бойынша 775 млн теңгеден асады", делінген хабарламада. 

Сондай-ақ, ауыр зардаптарға әкеліп соқтырған міндеттерге немқұрайлы қарау фактісі бойынша Ақтөбе облысындағы "Магаджан" бөгетін (су қоймасын) сенімгерлік басқаруға алған ЖШС басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

"2014 жылы бұл бөгет балық шаруашылығын жүргізу мақсатында жеке компанияға сенімгерлік басқаруға берілген. Алайда ЖШС тарапынан, бөгетті күтіп ұстау және қызмет көрсету бойынша өз міндеттері тиісінше орындалмаған".    Қаржылық мониторинг агенттігі

Мәселен, ағымдағы жылдың 5 сәуірінде Ақтөбе облысының Хромтау ауданында орналасқан "Магаджан" бөгеті (су қоймасы) бұзылды.

Су тасқыны салдарынан Алға ауданының Бесқоспа, Қызылту және Табантал ауылынан 215 адам, оның ішінде 96 бала, сондай-ақ Ақтөбе қаласы Елек және Қарғалы өзенінің маңында орналасқан бау-бақша ұжымдарының тұрғындары эвакуацияланды.

Сонымен қатар, Ұлытау облысында ЖШС лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді басталды.

"Аталған ЖШС көктемгі су тасқыны кезінде жақын маңдағы аумақтарды шайылып кетуден қорғау үшін ұзындығы 2 км Жезді өзеніне санация жүргізу үшін жалпы сомасы 485,5 млн теңгеге мемлекеттік мекемемен шарт жасасқан. Алайда, жобаны іске асырудың бақылау өлшемімен мердігер жалпы сомасы 282,5 млн теңгеге жоба бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын нақты орындамағаны анықталды. Сол сәтте жоғарыда аталған жұмыстардың болмау жағдайында ЖШС атына орындалған жұмыстар актілеріне сәйкес 400 млн теңге аударылған. Аталған әрекеттердің салдарынан 26 үй су астында қалып, 174 адам эвакуацияланды". Қаржылық мониторинг агенттігі

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда. Олардың барысында көрестілген фактілерге қатысы бар барлық лауазымды тұлғалардың әрекетіне құқықтық баға беріледі.

Бюджет қаражатын мақсатсыз пайдаланудың алдын алу мәселесі Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Дмитрий Малаховтың тұрақты жеке бақылауында екені де нақтыланады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: