Жаңалықтар тізбегі
0

БҚО-да полицейлер өз басшылығына арызданып, сотқа жүгінді

Полицейлер, БҚО, тұрғын үй төлемі, арыз, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.04.2024 18:23 Сурет: Zakon.kz
Полиция қызметкерлері өз басшылығы үстінен арызданып, БҚО-дағы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотқа жүгінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Инспекторлар соттан полиция департаментін өздеріне тұрғын үй төлемдерін тағайындауға мәжбүрлеуді сұрады. 

"Әкімшілік істер материалдарына сәйкес, полиция департаментінің тұрғын үй комиссиясының шешімімен қызметкерлердің меншігінде ипотекалық баспанасы бар болуына байланысты оларды тұрғын үйге кезегіне қоюдан және тұрғын үй төлемдерін тағайындаудан бас тартылған", – деп хабарлады Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі 19 сәуірде.

Содан кейін полицейлер сотқа жүгінді. Олар ипотекаға тұрғын үй сатып алып, ай сайын қомақты несие төлеп отырғандарын жеткізді. Талапкерлер соттан өздерін тұрғын үйге мұқтаж деп тануды және жұмыс берушіні тұрғын үй төлемдерін төлеуге міндеттеуді сұрады.

"Департаменттің тұрғын үй комиссиясының шешімін тексергеннен кейін БҚО мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен "Тұрғын үй қатынастары туралы" ҚР Заңының 101-5-бабының 3-тармағына сәйкес, талапкерлердің тұрғын үй төлемдерін алу және оларды бұрын алынған ипотекалық несиені (қарызды) өтеу мақсатында пайдалану құқығы мойындалды", деп хабарлады соттан.

Нәтижесінде сот полиция департаментін "қызметкерлерге тұрғын үй төлемдерін тағайындау туралы оң сипаттағы әкімшілік акті қабылдауды міндеттеді. Сот актілері заңды күшіне енді".

Бұрынғы полиция қызметкері 2023 жылы Конституциялық сот арқылы орташа ауыр қылмыс жасағаны және подполковник шенінен айырылғаны үшін өзін зейнетақысынан айыруына қарсы болып, сотқа жүгінген еді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: