Жаңалықтар тізбегі
0

Желіде құмар ойынды жарнамалаушы блогерлерге қанша айыппұл салынады

Құмар ойын, блогер, жарнама, айыппұл, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.04.2024 18:05 Сурет: unsplash
Ендігіден бастап әлеуметтік желіде букмекерлік кеңселер мен казиноларды жарнамалаған блогерлерге айыппұл салына бастайды. Бұл туралы Мәжілістің 22 сәуірдегі жалпы отырысында депутат Елнұр Бейсенбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осындай норма Ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі мәселелері жайлы заң жобасына енгізілді. Депутат Елнұр Бейсенбаев букмекерлік кеңселер мен казиноларды жарнамалағаны үшін блогерлер 60 АЕК мөлшерінде, яғни 221 520 теңге көлемінде айыппұл төлеуге тиіс болатынын айтты. .

"Ешқандай блогер немесе танымал азамат әлеуметтік желі арқылы букмекерлік кеңселер мен казиноларды жарнамалай алмайды. Олар әлеуметтік желіде спорттық іс-шаралар туралы жазба жариялай алады, бірақ жарнамаға шектеу қойылады", - деп түсіндірді ол.

Мәжіліс дәлізінде журналистер депутаттан "әлеуметтік желідегі тек бір жарнамасы үшін бірнеше миллион алатын блогерлерге 60 АЕК көлеміндегі айыппұл аз емес пе" деп сұрады. 

"Бұл айыппұл тек бір жағдайға қарастырылған. Егер бұзушылық қайталанса, онда айыппұл көлемі ұлғая түседі. Егер блогерді жүйелі негізде букмекерлік кеңселер қаржыландырып, ол жарнамамен шұғылданса, онда, әрине, басқа да шаралар қабылданатын болады, мәселен ол жарнамалаған букмекерлік кеңсенің лицензиясынан айыратын боламыз", – деп толықтырды сөзін Елнұр Бейсенбаев.

Бұған дейін Мәжіліс депутаттары құмар ойын ойнауға рұқсат етілетін жас шектеулерін қамтитын Ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі мәселелері жөніндегі заң жобасына енгізілген түзетулерді бірінші оқылымда қабылдаған болатын.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: