Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда TikTok-ты бұғаттау мәселесі қарастырылуда

TikTok, Қазақстан, бұғаттау мәселесі, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.04.2024 18:45 Сурет: pexels
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева 2024 жылы 22 сәуірде Мәжіліс дәлізінде журналистерге берген сұқбатында танымал TikTok әлеуметтік желісін бұғаттау ықтималдығына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аида Балаева әлеуметтік желіде алаяқтық пен жалған ақпарат тарату фактілері өршіп келе жатқанын айтты. 

"Әлеуметтік желілерді ашып қалсаңыз, әртүрлі мазмұндағы контент қаптап тұр, тізімі ұзын-сонар. Есірткі заттарының жарнамасы, порнографиялық материалдар, ересектер мен балалардың қорқытып-үркіту, яғни буллинг, экстремистік сипаттағы материалдар, діни сипаттағы материалдар дегендей. Мониторинг барысы көрсеткендей, бүгінде әлеуметтік желілерде заңсыз контент саны артып келеді. Әлемдік үрдіс, көптеген ел қазір кейбір әлеуметтік желілерді бұғаттауға және одан бас тартуға мәжбүр екенін көрсетіп отыр", - деді ол.

Сонымен қатар, оның айтуынша, Қазақстанда бұл мәселе заңсыз контенттер деңгейі қаншалықты "басым және қандай көлемде болатындығы" негізінде қаралатын болады.

"Атап айтқанда, қазір TikTok-тың жұмысы қызу жүріп жатыр. Біз бұл мәселені зерттеп жатырмыз. Менің ойымша, мен министр ретінде айтып отырмын, бұл мәселені (бұғаттау – ред.) қарастыруымыз керек, өйткені біз бұған басымызбен кірудеміз, оның үстіне оны балалар да қарап отыр", – деді ол.

Мәжіліс депутаттары бүгін, 22 сәуірде бірінші оқылымда Ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі мәселелері жөніндегі заң жобасына және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңның ілеспе жобасына енгізілген өзгерістер мен түзетулерді қабылдады.

Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев аталған заңның қабылдануымен қатар TikTok-та да құмар ойындарға тыйым салынатынын айтты. Бұл норманы бұзғаны үшін заңнамалық жауапкершілік қарастырылады: екі жылға дейін бас бостандығынан айыру, сондай-ақ үлкен айыппұлдар.

Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров Қазақстанда TikTok жұмысына бірқатар шектеулер енгізуді ұсынды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: