Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда мопед ұрлаумен айналысқан екі топ ұсталды

Ұстау, Алматы, мопед ұрлаушылар, қылмыстық топ, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.05.2024 13:07 Сурет: polisia.kz
Алматыда тұрғын үй кешендері алдынан мопед ұрлаумен айналысқан екі топ ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Талдау нәтижесі көрсеткендей, көп жағдайда ұрлықтың бұл түрі кейбір азаматтардың өз мүлкіне ұқыпсыз қараудан орын алады. Кейібреулер өз мүліктерін кіреберістерде, тұрғын үйлердің аулаларында, дүкендердің алдында қараусыз қалдырады. 

"Өткен мереке күндері біз екі топтың құрамында алты жас жігіттің мопед ұрлау әрекеттерін әшкереледік. Олар түнгі уақытта бөтен адамдардың мопедтерін ұрлаған. Қылмыстық жолмен алынғанын алдын ала біле тұра, ұрланған тауарды алып отырған сатып алушы да ұсталды. Қылмысқа қатысы бар әрбір адамның әрекетіне тергеумен құқықтық баға берілетін болады", – деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

Сонымен қатар Алматы полициясы екі дөңгелекті көліктерді ұрлықтан мынадай жолмен қорғауды ұсынады: кіре берісте қараусыз қалдырмаңыз;

  • велосипедтерді, мопедтерді, самокаттарды, ұрлыққа қарсы құралдарды пайдалана отырып, бейнекамералармен жабдықталған орындарда тұраққа қойыңыз;
  • ұрланған жағдайда дереу “102” пультіне хабарлаңыз;
  • ұрланған мүлік туралы ақпаратты –  құжаттарын, маркасын, түсін, фотосуреттерін, сериялық немесе басқа нөмірлік белгілерін дайындау қажет.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: