Жаңалықтар тізбегі
0

Колледж директоры қызметкерлеріне сыйақы тағайындағаны үшін ақы алып, 30 млн теңгеге жуық пайдаға кеңелген

Пара, колледж директоры, Бейнеу ауданы, сыйақы тағайындау, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.05.2024 17:23 Сурет: Zakon.kz
Маңғыстау облысы "Бейнеу гуманитарлық колледжі" директоры бюджеттің ірі көлемдегі ақша қаражатын иемденді деген айыппен сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сотта сотталушы 2022 жылғы желтоқсан және 2023 жылғы тамыз айлары арасында колледж қызметкерлеріне сыйақы беру туралы бұйрықтар шығарғаны анықталды. Сотталушы тікелей кадр бөлімі басшысына нақты қандай қызметкерлерге сыйақы беру және оның мөлшері туралы бұйрықтар рәсімдеу туралы ауызша нұсқау берген.

"Колледж қызметкерлерінің бірқатары сыйақы ретінде өз есеп шоттарына аударылған ақшалай қаражаттарының бір бөлігін сотталушы Ж-ға қолма-қол, ал бірқатары сотталушыға колледж бухгалтері арқылы қайтарған.Салдарынан сотталушы Ж. колледждің бюджеттік қаражатынан 29 550 929 теңгені заңсыз иемденген", делінген Бейнеу аудандық соттың хабарламасында.

Сот жаза тағайындау кезінде жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде сотталушының өз кінәсін мойындауын, шын өкінуін, келтірген мүліктік залалды толық өтеуін, асырауында жас баласының барын ескерген.

Сотталушы Ж. ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағымен кінәлі деп танылып, оған мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

ҚР ҚК-нің 74-бабына сәйкес, асырауында жас баланың болуына байланысты тағайындалған жазаның орындалуы 4 жыл мерзімге кейiнге қалдырылған.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: