Қазақстанда электр энергиясын сақтау жүйесі пайда болады
Аталған тәртіп қағидаттарына мынандай түсініктер енгізіледі:
- электр энергиясын сақтау жүйесі – электр
энергиясын жинақтауға (зарядтауға), сақтауға және беруге (разрядқа) арналған
автоматтандырылған басқару жүйесі бар техникалық құрылғы және Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес оларды пайдалану үшін технологиялық
тұрғыдан қажетті өзара байланысты құрылыстар мен инфрақұрылымдар;
- электр энергиясын сақтау жүйесінің қуаты –
жабдықты дайындаушы зауыттың паспорттық деректерімен айқындалатын киловаттпен
қуаттылық;
- электр энергиясын сақтау жүйесінің энергия
сыйымдылығы – жабдықты дайындаушы зауыттың паспорттық деректерімен
айқындалатын электр энергиясын сақтау жүйесімен желіге жинақтауға, сақтауға
және беруге мүмкін болатын киловатт-сағаттағы электр энергиясының көлемі;
- электр энергиясын сақтау жүйелерінің иелік қуаты
– оның қуатының шектеулерін шегергендегі жабдықтың белгіленген қуаты;
- электр энергиясын сақтау жүйесінің максималды
заряды – қол жетімді жинақталған зарядтың максималды мәні киловатт сағ;
- электр
энергиясын сақтау жүйесінің ең төменгі разряд тереңдігі – жинақталған
зарядтың киловатт сағатына өлшенетін төмендетілмейтін қалдығы;
Электр станцияларының, қазандықтардың, электр және жылу желілерінің негізгі міндеттері электр және жылу энергиясын өндіру, бөлу және тұтынушыларға босату (бұдан әрі – энергия өндірісі) негізгі тапсырмалары болып табылады.
Электр энергиясын сақтау жүйелерінің негізгі міндеттері электр энергиясын жинақтау, сақтау және беру болып табылады.
Бұл ретте электр энергиясын сақтау жүйесімен өзара байланысты құрылыстар мен инфрақұрылым олардың қуатын шектеусіз толық беруді қамтамасыз етуге тиіс.
Электр энергиясын сақтау жүйелерінде
энергетикалық сипаттамалар мынадай көрсеткіштер бойынша жасалады:
- электр қуатының өзгеру жылдамдығы, МВт/сек;
- электр энергиясын түрлендіру тиімділігі;
- қуаттың деградациясы;
- заряд/разряд циклдерінің саны;
- рұқсат етілген заряд/разряд жылдамдығы;
- заряд күйі;
- разрядтың рұқсат етілген тереңдігі;
- жауап беру уақыты;
- реактивті қуат бойынша мүмкіндік;
- суық іске қосу мүмкіндігі.
Электр
энергиясын сақтау жүйелері белгіленген қуаты 10 МВт-тан жоғары ЖЭКГҚ
объектілеріне қолданылады. Электр энергиясын сақтау жүйелері бар ЖЭКГҚ
объектілері үшін желімен синхрондалған жұмыс қамтамасыз етіледі.
Электр энергиясын
сақтау жүйелері бар ЖЭКГҚ объектілеріне арнайы талаптар белгіленуге тиіс. Бұл ретте электр энергиясын сақтау жүйелері
үшін электр энергиясын сақтау
жүйелерінің техникалық талаптары мен диапазондары қосымша белгіленеді.
Қуат пен
сыйымдылық бойынша электр энергиясын сақтау жүйелерінің параметрлері ҚР БЭЖ
жұмысының сенімділігін төмендетуге, тұтынушыларды жаппай ажырата отырып,
жүйелік авариялардың туындауына жол бермеу мақсатында айқындалады.
Электр
энергиясын сақтау жүйелері бар ЖЭКГҚ объектілері SCADA жүйесі арқылы қуатты
реттеу және беру бөлігінде автоматикамен жарақтандырылады.
Электр
энергиясын сақтау жүйелері бар ЖЭКГҚ объектілері аварияға қарсы автоматиканың
қажетті көлемімен жарақтандырылады. Бұл ретте қосалқы жабдықтың параметрлері
электр энергиясын сақтау жүйелерінің мүмкіндіктерін шектемеуге тиіс.
Электр
энергиясын сақтау жүйелері бар ЖЭКГҚ объектілері ҚЖАР жүйесіне қосылады.
Электр
энергиясын сақтау жүйелері объектілерінің иелері электр энергиясын сақтау
жүйелерінің жұмысы үшін оңтайлы жағдайлардың сақталуына жауапты болады.
"ЖЭКГҚ құрамындағы электр энергиясын сақтау жүйелерінің жұмыс режимін Жүйелік оператор тәуліктік кестенің сақталуын қамтамасыз ету, ЖЭС және КЭС объектілерін өндірудегі күрт серпілістер мен сәтсіздіктерді болдырмау, ҚР БЭЖ-дегі белсенді қуаттың теңгерімсіздігін өтеу, реактивті қуатты, жиілік пен кернеуді реттеу мақсатында айқындайды", делінген құжатта.
Электр
энергиясын сақтау жүйелері зарядталатын және разрядталатын электр
энергиясының көлемін бөлек есепке алуды қамтамасыз ететін екі бағытты электр
энергиясын есепке алу аспаптарымен жарақтандырылады.
ЖЭКГҚ
құрамындағы электр энергиясын сақтау жүйелерін пайдалануға беру кезеңінде
жоба бойынша мәлімделген электр энергиясын сақтау жүйелерінің параметрлерін
және осы Қағидалардың 27-қосымшасына сәйкес электр энергиясын сақтау
жүйелерінің техникалық талаптары мен диапазондарына сәйкестігін тексеру
мәніне заттай сынақтар жүргізілуге тиіс.
Құжат 18 маусымға дейін қоғамдық талқы үшін Ашық НҚА сайтына орналастырылған.