Жаңалықтар тізбегі
0

ҚР Жоғары соты сотталған экс-шенеунікті ақтады

Қр Жоғары соты, Ақмола облысы, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.06.2024 21:44 Сурет: senate.parlam.kz
Жоғары сот Ақмола облысы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысына қатысты алдына шығарылған айыптау үкімінің күшін жойып, оны ақтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Бас прокуратураның баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ақмола облысы Қорғалжын аудандық сотының үкімімен Ахмет мемлекеттік қызмет атқару құқығынан үш жылға айырылды.

Сотта келтірілген дәйекке сәйкес, Ахмет аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы бола тұрып, Жұмыспен қамту орталығымен жұмыссыздардың біліктілігін арттыру, даярлау және қайта даярлау курстарынан тегін өтуге мемлекеттік қолдау көрсету туралы келісімшартқа отырған.

Келісімшарт  шеңберінде 2014 жылдың 2 шілдесінен бастап 2014 жылдың 31 желтоқсанына дейін Нұркенова тағылымдамадан өтуге жіберілді, ол кейіннен Ахметке университетке түскені және жұмыс істемейтіні туралы хабардар еткен.

Ауданның мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің үздіксіз жұмыс істеуі үшін Ахмет онымен арадағы келісімшартты бұзбай, қосымша келісім негізінде оның орнына Жұматаеваны қабылдады. Нұркеновадан (қыркүйек, қазан және қараша айларында) 100 008 теңге көлемінде ақша алған,  бірақ іс жүзінде Жұматаева қабылданған.

"Ахметке 100 008 теңге көлемінде материалдық шығын келтіргені үшін айып тағылды. Алайда аталған соманы елеулі залал ретінде тануға болмайды, өйткені жұмыссыз Жұматаева жұмысқа орналасып, шартқа сәйкес жұмыстың барлық қажетті жұмыс көлемін іс жүзінде орындағаны ол үшін жұмыс істеген уақытына еңбекақы алғаны анықталды", делінген хабарламада.

Осы мән-жайлардың негізінде, Бас Прокурормен наразылық енгізіліп, Жоғарғы Соттың қаулысымен Ахмет ақталып, оңалту құқығы түсіндірілді.

Азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау жұмыстары жалғасуда.

 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: