"Қазақмыс" Қырғызстан іздеу жариялаған өз топ-менеджерлеріне қатысты түсініктеме берді
Бұған дейін Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті Қазақстан кәсіпкері Владимир Жұманбаевқа халықаралық іздеу жарияланғанын хабарлаған болатын. Қырғызстан ҰҚМК мәліметінше, Владимир Жұмабаевтың "Ағайындылар ордасы" халықаралық қылмыстық тобының құрамына енетін, қылмыс әлемінің серкесі Қамшыбек Асанбек (Көлбаев) басшылық ететін ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметін қаржыландыру фактілері анықталған.
Бүгін холдингтегілер "Kazakhmys Holding" ЖШС-ның топ-менеджері Владимир Жұманбаевтың ҰҚМК хабарламасында көрсетілген құрылымдарға қатысы жоқ екенін хабарлады.
"Қазіргі уақытта Жұманбаев еңбек демалысында. Ол құқық қорғау органдарынан жасырынып жүрген жоқ және тергеуге жан-жақты көмек көрсетуге дайын. Бұған қоса "Қазақмыс", "Алтын Алмас" және "Қаражыра" компаниялар тобына Қырғызстанның сотқа дейінгі тергеу органдарынан ресми өтініштер келіп түскен жоқ". "Қазақмыс" компаниясының баспасөз қызметі
Сондай-ақ баспасөз қызметі компаниялар тобы өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады және өз қызметкерлерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға дайын екенін нақтылайды.