Алматы облысында тойда атыс қаруын қолданғандар ұсталды
Сурет: Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
Алматы облысының полиция департаменті үйлену тойы кезінде қарудан оқ атқан ер адамдарды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өңірлік ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 9 маусымда Еңбекшіқазақ ауданы Түрген ауылында өткен тойда оқыс оқиға болды, ер адамдар атыс қаруын қолданған.
"Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында облыстық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері мен жылдам қимылдайтын арнайы жасағының жауынгерлерімен барлық құқықбұзушылар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Атыс қаруын қолданған бұзақылық фактісі бойынша полициямен қылмыстық іс қозғалды", деп нақтылайды ПД.
Қарулар тиісті сараптамаға жолданды.
"Жалпы Алматы облысының полициясы құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жолын кесуге бағытталған профилактикалық іс-шараларды тұрақты негізде жүргізеді. Қылмыстар санының тұрақты төмендеуі байқалуда. Дегенмен аудандық полиция басшылығына қатысты қатаң шаралар қабылданады", делінген хабарламада.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript