Жаңалықтар тізбегі
0

"Масс-медиа туралы" жаңа заң журналистерді қорғайды

Журналист, масс-медиа туралы заң, құқық, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.06.2024 22:28 Сурет: Zakon.kz
2024 жылы 19 маусымда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Масс-медиа туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заңда "журналистің ерекше мәртебесі" деген ұғым енгізілген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жаңа заңда журналистер үшін қосымша құқықтық кепілдіктер белгіленген.

"Журналистің ерекше мәртебесі" деген ұғым енгізілді. Яғни, журналистің құқықтары мен бостандықтарының қорғалуын, олардың ақпарат іздеу, сұрату, алу және тарату кезіндегі, сондай-ақ "Масс-медиа туралы" Заңда белгіленген өзге де ерекше құқықтарын журналист мәртебесі деп түсіну керек", делінген Ақорда жариялаған заңның қысқаша мәтінінде.

Сондай-ақ аталған заңға сәйкес, БАҚ-тың сұратуларын қарау мерзімі 7-ден 5 жұмыс күніне дейін қысқартылды. Бұл журналистерге қажетті ақпаратты қысқа мерзімде алуға мүмкіндік береді. Осылайша ақпараттың өзектілігі сақталады.

БАҚ-тың өз қызметін өзі реттеу мақсатында Заңда қоғамдық-кәсіптік кеңестер құру көзделген. Кеңестер республикалық және өңірлік деңгейлерде құрылуы мүмкін. Бұл кеңестердің негізгі қызметі – Журналистердің әдеп кодексін әзірлеу.

Айта кетсек, "Масс-медиа туралы" заң жобасын әзірлеушілер журналистерді аккредиттеу рәсімін жеңілдету және автоматтандыруға арналған баспасөз карталарын енгізуді ұсынған болатын. Алайда аккредиттеу мен баспасөз картасының тұжырымдамалық айырмашылығының болмауына байланысты бұл норма дау тудырды. Нәтижесінде жұмыс тобы оны заңнан алып тастау туралы шешім қабылдады. Бұл ретте "журналистің ерекше мәртебесі" және "аккредиттеудің оңайлатылған тәртібі" ұғымдары енгізіліп, "журналистерді (БАҚ өкілдерін) аккредиттеу" және "масс-медиа мониторингі" ұғымдары нақтыланды. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: