Алматы облысында фармацевтикалық компанияға қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды

Күдікті ұсталды, Алматы облысы, фармацевтикалық компания, қарақшылық шабуыл  , сурет - Zakon.kz жаңалық 23.06.2024 13:01 Сурет: Zakon.kz
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы облысының полицейлері Жетісу облысы Алакөл ауданының аумағында 42 жастағы іздеуде жүрген қылмыскерді ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Аленовтың айтуынша, ер адам қарақшылық жасағаны үшін іздеуде болған.

"2019 жылдың сәуірінде ол атыс қаруымен қорқытып, фармацевтикалық компанияға қарақшылық шабуыл жасап, 62 миллион теңгені иемденген. Ұсталған адам қамауға алынды. Полиция жасалған қылмыстың барлық мән-жайларын анықтау бойынша жұмыстар жүргізуде", делінген жазбада.

Тергеу жалғасуда.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: