БҚО-да полицей көлігімен жылқыны қағып, бір адам қаза тапты
Сурет: pixabay
Priora-ны тізгіндеген полиция қызметкері жылқыны қағып кетіп, содан кейін оның көлігі Volkswagen-мен соқтығысқан, салдарынан екінші көліктің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Мой город" басылымы БҚО полиция департаментіне сілтеме жасай отырып, жол апаты 23 маусымда түнде Сырым ауданының Тоғанас ауылынан алты шақырым жерде болғанын хабарлайды.
"31 жастағы полиция қызметкері жұмыс уақытынан тыс көлігімен жылқыға соғылған. Содан кейін оның көлігі Volkswagen-мен соқтығысқан. Екінші көліктің 52 жастағы жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты", - дейді ведомстводан.
ҚР ӘҚБтК-ның 408-бабына сәйкес "Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін бұзу" бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу амалдары қолға алынды.
Бұған дейін БҚО-дағы тас жолда төрт адам жантүршігерлік жол апатынан қаза тапқаны хабарланған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript