Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысында кішкентай қыз бала өлі күйінде табылды

Аттракцион, Алматы, жас ана, баласын өлтіру, тұншықтыру, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.06.2024 20:03 Сурет: pixabay
24 маусымда Алматыда Горький атындағы Орталық мәдениет және демалыс саябағында келіншек өз-өзіне қол салып, мерт болды. Алматы облысының полиция департаменті Zakon.kz редакциясына қайғылы оқиғаның кейбір деректерімен бөлісті.

Алдымен әлеуметтік желіде биіктен секірмес бұрын келіншектің баласын тұншықтырып өлтіргені туралы ақпарат тарады. Осы мәліметті анықтау үшін Zakon.kz өңірдің ПД баспасөз қызметіне хабарласты.

Белгілі болғандай, тәртіп сақшылары қыз баланың денесін де тапқан.

"Кәмелетке толмағанның өлім фактісі бойынша тергеу амалдары қолға алынды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды", - деді полициядан.

Бұған дейін денсаулық сақтау басқармасы жас келіншектің қаза тапқанын растап, оның жедел жәрдем көлігі келгенге дейін оқиға орнында жан тапсырғанын нақтылаған. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: