Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі атынан да жалған хабарламалар тарауда
Сурет: pexels
Алаяқтар мемлекеттік мекеме қызметкерлерін Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі басшылығының атынан жазып, алдауда. Ол үшін алаяқтар жалған аккаунттар құрған, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, олар өте сенімді көрінеді және қызметкерлердің нақты деректерін қамтиды: тегі, аты, әкесінің аты, суреті. Алаяқтар құпия ақпаратты беру мақсатында ықтимал жәбірленушіні азғыруға тырысады.
"Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті қызметкерлердің ресми мәселелерді шешу үшін қоғамдық мессенджерлер мен әлеуметтік желілерді пайдаланбайтынын ескертеді. Мұндай алаяқтық фактілерінің барлығы құқық қорғау органдарына хабарлануы тиіс", делінген ведомство хабарламасында.
Егер күдікті қоңырауларды немесе хабарламаларды, соның ішінде әлеуметтік желілер арқылы алынған деректер келсе, келесі әрекеттерді орындау ұсынылады:
- хабарламаның негізгі көзін тексеріңіз: хабардың шынайылығына күмәндансаңыз, ресми веб-сайттарда көрсетілген ресми контактілер арқылы болжамды жіберушіге хабарласыңыз;
- күдікті сілтемелерді баспаңыз: алаяқтар деректеріңізге қол жеткізу үшін фишингтік сілтемелерді жиі пайдаланады.
- жеке деректермен бөліспеңіз: ешқашан жеке ақпаратты, құпия сөздерді немесе банктік деректемелерді мессенджерлер арқылы бөліспеңіз;
- күдікті контактілерді блоктау: күдікті хабар алсаңыз, контактіні блоктаңыз.
Айа кетсек, 30 маусымда ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі соңғы уақытта министр Аида Балаеваның атынан мәдениет қайраткерлеріне түрлі мәселелер бойынша хабарламалар келіп түскен жағдайлар жиілеп кеткені ескертілген.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript