Ақтөбе облысында пайдаланылмай жатқан 22 мың гектардан астам жер мемлекетке қайтарылды

Пайдаланылмай жатқан жер, Ақтөбе облысы, мемлекетке қайтарылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.07.2024 18:14 Сурет: freepik
Ақтөбе облысында 22 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдері мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитеті хабарлады.

Тексеру нәтижелері бойынша Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Жаңақоныс ауылдық округінде орналасқан "Рахымжан" шаруа қожалығында ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру базасы бойынша алаңы 22 300 га жер учаскесіндегі жайылымда малдың жоқтығы анықталды.

Шалқар ауданы әкімдігі мен Жер ресурстарын басқару комитетінің бірлескен түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде жер учаскесі ауданның жер қорына қайтарылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: