Қонаевтың бір бөлігі Алатау қаласы құрамына өтеді
Сурет: primeminister.kz
Алматы облысы әкімдігі мен өңір мәслихатының "Алатау қаласының шекарасын (шегін) белгілеу туралы" бірлескен шешімі әзір болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Алматы облыстық мәслихаты шешімінің және Алматы облысының әкімдігі қаулысының қосымшасына сәйкес Алатау қаласының шекарасы (шегі), оның шегіне жалпы ауданы 88267,0086 гектар Қонаев қаласының, Іле және Талғар аудандарының кейбір жерлерін қоса отырып, белгіленсін", делінген құжатта.
Атап айтқанда, Алатау қаласының құрамына Қонаев қаласынан 10937,0052 гектар, Іле ауданынан 65213,0004 гектар және Талғар ауданынан 12117,003 гектар жер телімі өтеді.
Сурет: құжаттан қиып алынды
Құжат қоғамдық талқы үшін Ашық НҚА сайтына 23 шілдеге дейін орналастырылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript