Жаңалықтар тізбегі
0

Мемлекет басшысы мініс жылқылардың отандық тұқымын сақтауға қатысты заңға қол қойды

Мініс жылқы, тұқым, сақтау, заң, Қасым-Жомарт Тоқаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.07.2024 17:19 Сурет: primeminister.kz
2024 жылы 9 шілдеде Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мініс және мініс-жегін жылқылардың отандық тұқымдарын сақтау және өсімін молайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" ҚР Заңына қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжат мініс және мініс-жегін бағыттарындағы жылқылардың отандық тұқымының өсімін молайту, сондай-ақ оның қасиеттерін сақтай отырып, мал басын ұлғайтуға және осы бағытта асылдандыру жұмыстарын жүргізуге бағытталған.

Сонымен қатар заңның бастапқы бөлігіндегі "асыл тұқымды мал" және "тұқым стандарты" ұғымдарына түзетулер енгізіледі. Осылайша, тұқым стандартына сәйкес келетін және Республикалық палатада тіркелген таза тұқымды жануарлар ғана асыл тұқымды жануарға жататын болады. Фенотиптік және өнімді көрсеткішке қойылатын минималды талаптар ғана емес, сонымен қатар басқа көрсеткіштер де қамтылатын "тұқым стандарты" ұғымдары нақтыланады.

Заңда асыл тұқымды жылқыларды өсіруді ынталандыру мақсатында Қазақстан аумағында өсірілген мініс және мініс-жегін бағыттарындағы жылқылардың отандық тұқымдарын сақтау және өсімін молайту мақсатында жұмсалған шығындарды өтеу көзделді.

Қорыта айтқанда, заңның қабылдануы еліміздегі асыл тұқымды отандық жылқылардың сақталуына және олардың көбеюіне ықпал етеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: