Алматыда вейп сатумен айналысқан күдікті ұсталды
Сурет: polisia.kz
Әуезов ауданында жедел алдын алу іс-шарасы барысында 21 жастағы ер адам ұсталды. Күдіктіде өзімен бірге 30 электронды вейп болған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Белгілі болғандай, ол тыйым салынған затты қашықтықтан сатқан.
Ер адамның тапсырысты интернет арқылы алғаны белгілі болды.
Тыйым салынған тауарлар тәркіленді.
Ұсталған азаматтың әрекетіне алда құқықтық баға берілетін болады.
Алдында Қазақстанда бұдан былай вейп сатуға болмайтыны хабарланған. 2024 жылдың 20 маусымында Қазақстанда вейптерді сатуға тыйым салатын заң нормалары күшіне енді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript