Жаңалықтар тізбегі
0

Ел азаматтарының полиция, прокуратура және сот жүйесіне деген сенімі артып келеді – зерттеу

Полиция, прокуратура, сот жүйесі, ел азаматтарының сенімі, зерттеу, Қазақстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.07.2024 22:57 Сурет: Zakon.kz
Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, ел тұрғындарының құқық қорғау органдары мен сот жүйесіне деген сенімі артып келеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық статистика бюросы "Халықтың құқық қорғау органдары мен сот жүйесіне деген сенімділік деңгейі" атты іріктеліп жасалған зерттеу нәтижелеріне қатысты деректерді ұсынды. Сауалнама 2024 жылдың сәуір-мамыр айларында республикамздың барлық өңірінде, яғни қала тұрғындарының да, ауыл тұрғындарының да арасында жүргізілді.

Азаматтар қауіпсіздігі

Ұлттық статистика бюросы сайтының мәліметінше, зерттеу нәтижелері бойынша сұралғандардың 64%-ы өздері тұратын ауданда өзін толық қауіпсіз сезінеді;

  • 29,4% - жеткілікті қауіпсіз,
  • 5,4% - қауіпсіз емес,
  • 0,6% - мүлдем қауіпсіз емес,
  • 0,6% - жауап беруге қиналды.

Респонденттердің жауаптарына сәйкес, қауіпсіздіктің негізгі себептері жарықтандырудың болмауы/жеткіліксіздігі – 26,7%, жалғыз шығудан қорқу – 19,1% және қауіпсіздіктің төмен деңгейі – 19,1%.

Бұл жағдайда әйелдер (70%) ер адамдарға (58,5%) қарағанда өздерін толық қауіпсіз сезінеді.

Құқық қорғау органдарына деген сенімділік деңгейі

Зерттеу қорытындысы бойынша прокуратураға сенетін адамдардың үлесі 66% құрайды:

  • ішінара сенетіндер - 24,1%,
  • сенбейтін сияқты адамдар - 3,0%,
  • сенбейтіндер - 2,3%,
  • жауап беруге қиналғандар үлесі - 4,6%.

Полиция органдарына сенетіндер үлесі 61,6% құрады:

  • ішінара сенетіндер – 27%,
  • керісінше сенбейтіндер – 4,4%,
  • сенбейтіндер – 4,6%,
  • жауап беруге қиналғандар үлесі - 2,5%.


Кесте, құқық қорғау органдарына және сот жүйесіне деген сенімділік деңгейі, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.07.2024 22:57

Сурет: stat.gov.kz


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сенетін респонденттер үлесі 50,9% құрады;

  • ішінара сенетіндер – 28,7%,
  • сенбейтін сияқты адамдар – 4,9%,
  • сенбейтіндер – 4,1%,
  • жауап беруге қиналған респонденттер үлесі - 11,4 %.

Экономикалық тергеу қызметіне сенетіндер үлесі 47,8% құрады,

  • ішінара сенетіндер – 29%,
  • сенбейтін сияқты адамдар – 5,2%,
  • сенбейтіндер – 2,9%,
  • жауап беруге қиналғандар үлесі - 15%.

Сот жүйесіне сенетіндер үлесін 61,8% құрады,

  • ішінара сенетіндер – 25,9%,
  • сенбейтін сияқты адамдар – 3,4%,
  • сенбейтіндер – 2,9%,
  • жауап беруге қиналғандар үлесі - 6%.

Өртке қарсы қызметіне сенетіндер үлесі 79,4% құрады,

  • ішінара сенетіндер – 16,4%,
  • сенбейтін сияқты адамдар – 0,9%,
  • сенбейтіндер – 0,4%,
  • жауап беруге қиналған респонденттер үлесі - 2,8%.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: