Билетсіз жолаушыны пойызға мінгізген бастық пен жолсерік жұмысынан айырылды
Сурет: rail-news.kz
ҚТЖ билетсіз жолаушыларды тасымалдау және жол жүру құжаттарын заңсыз сату фактілеріне нөлдік төзімділік саясатын іске асыруда. Аталған заңбұзушылыққа жауаптыларды компания жауапкершілікке тартып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Компания Алматы-2 теміржол вокзалында тексеріс жүргізіп, билеттерді заңсыз қайта сату және жасанды тапшылықты тудыру фактісін анықтады.
Сондай-ақ, Шымкент станциясындағы тексерулердің бірінде билетсіз жолаушыны тасымалдау фактісі анықталды.
"Шымкент – Астана" пойызының жолсеріктері ресми сатып алмаған билетсіз адамды белгілі бір сомаға пойызға мінгізген. Қызметтік тергеу қорытындысы бойынша пойыз бастығы мен жолсерік жұмыстан шығарылды, ал екінші жолсерік пен Шымкент станциясы учаскесі бастығының орынбасарына қатаң сөгіс берілді.
Ішкі тексерулер елдің барлық вокзалдарында өтуде.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript