Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда шетелдік букмекерлік кеңселер мен тотализаторлар анықталады

Қазақстанда шетелдік букмекерлік кеңселер мен тотализаторлар анықталады, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.07.2024 15:21 Сурет: unsplash
Туризм және спорт министрлігі интернет-казино белгілерінің болуы тұрғысынан интернет-ресурстардың мазмұнын талдау және ақпаратты жүйелі түрде жинауды жүзеге асыру ережесіне өзгерістер дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, ережеге сәйкес, ақпараттарды жүйелі түрде жинау Қазақстанда ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиясы жоқ шетелдік букмекерлік кеңселер мен тотализаторларда да жүзеге асырылатын болады.

Ережелерге келесі ұғымдар қосылды:

  • ойын бизнесін ұйымдастырушы – құмар ойындарын және бәс тігуді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
  • мерчент ID – төлем жүйелерін пайдалана отырып, шетелдік компанияны төлем және ақша аударымын алушы ретінде сәйкестендіретін символдардың бірегей жиынтығы.

Интернет-казино заңсыз қызметін анықтау мақсатында уәкілетті орган тұрақты негізде интернет-казино, Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиялары жоқ шетелдік букмекерлік кеңселер және тотализаторлар белгілерінің болуы-болмауы тұрғысынан, оның ішінде жеке және заңды тұлғалардан алынатын интернет-казино, Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиялары жоқ шетелдік букмекерлік кеңселер және тотализаторлар белгілері бар интернет-ресурстар туралы мәліметтер бойынша интернет-ресурстардың мазмұны туралы ақпаратты жүйелі түрде жинауды жүзеге асырады.

Жүйелі түрде жинау келесі кезеңдерді қамтиды:

  • интернет-казино, Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиялары жоқ шетелдік букмекерлік кеңселер және тотализаторлар белгілерін анықтау;
  • анықталған интернет-казиноларды, Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиялары жоқ шетелдік букмекерлік кеңселер және тотализаторларды тіркеу.

Интернет-казино, Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиялары жоқ шетелдік букмекерлік кеңселер және тотализаторлар белгілерін анықтау нақты уақыт режимінде Интернет желісі және электрондық ақша арқылы құмар ойындарды ұйымдастыру мен өткізу мүмкіндігін іске асыратын және ұтыс алуды көздейтін интернет-ресурстарды іздеу және қарау, сондай-ақ мерчент ID анықтау бойынша шаралар қабылдау арқылы жүзеге асырылады.

Анықталған интернет-казиноны, Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиялары жоқ шетелдік букмекерлік кеңселер және тотализаторларды осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша интернет-казино, қызметі Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болып табылатын шетелдік ойын бизнесін ұйымдастырушылардың белгілері бар интернет-ресурстар тізбесіне интернет-казино, Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиялары жоқ шетелдік букмекерлік кеңселер және тотализаторлар белгілері бар интернет-ресурстар туралы негізгі деректерді енгізу арқылы жүргізіледі.

және апта сайын өзінің интернет-ресурсында орналастырады.

Тізбеде қызметі Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болып табылатын шетелдік ойын бизнесін ұйымдастырушылардың мерчент ID деректері және уәкілетті орган айқындайтын өзге де мәліметтер қамтылады.

Көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер уәкілетті органның интернет-ресурсында мұндай ақпарат орналастырылған күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң тізбеге енгізілгені туралы хабардар етілген болып есептеледі.

Түсіндірілгендей, түзетулер "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі, лотерея қызметі, денсаулықты қорғау, мемлекеттік еңбек инспекциясы, мемлекеттік бақылау және артық заңнамалық регламенттеуді болдырмау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2024 жылғы 8 шілдедегі заңға сәйкес қағидаларды келтіру шеңберінде қабылданады.

Құжат 8 тамызға дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: