Түрмеден босап шыққан тараздық әйелін өлтіріп, үйін өртеп, артынан өзіне қол жұмсаған
Сурет: Zakon.kz
Таразда ер адам жанжал кезінде жұбайын өлтіріп, содан кейін үйін өртеп жіберген. Ақырында ол өз-өзіне қол жұмсаған. Аталған трагедияға қатысты мәліметтерді Zakon.kz сайтына Жамбыл облысы полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметі ұсынды.
"Әйелімен араздық қарым-қатынастағы ер адам тұрмыстық жанжал кезінде үйді өртеп жіберді. Әйел алған күйіктері салдарынан ауруханада жан тапсырды. Күдікті оқиға орнына жақын маңнан өлі күйінде табылды". Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі
Мамандардың айтуынша, күдіктінің өлімінің алдын-ала нұсқасы - суицид.
"Аталған факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды". Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі
Төтенше жағдайлар министрлігінің (ТЖМ) баспасөз қызметі өрттің 31 шілдеге қараған түні Қарасу тұрғын үй алабындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде болғанын нақтылады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript