Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда балық аулауға лимиттер белгіленген су айдындарының саны көбейді

Қазақстанда балық аулауға лимиттер белгіленген су айдындарының саны көбейді , сурет - Zakon.kz жаңалық 06.08.2024 16:10 Сурет: pixabay
Ауыл шаруашылығы министрлігі 2024 жылғы 1 шілдеден 2025 жылғы 1 шілдеге дейін балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қою лимиттеріне түзетулер дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының балық шаруашылығы су айдындарына толықтырулар енгізілді.

Мәселен, Қостанай облысында балық аулауға болатын екі су қоймасы қосылды:

  • Жоғарғы Тобыл су қоймасы — 281 тонна;
  • Қаратомар су қоймасы — 192 тонна.

Павлодар облысында тізімге Қарасор көлі қосылды, онда 78 тонна мөңке балығын аулауға болады.

Солтүстік Қазақстан облысында:

  • Шағалалы Теңіз көлі;
  • Ұлықкөл көлі
  • Соленое көлі
  • Пасынки көлі
  • Есіл өзенінің № 1 жайылмасы (Қызылжар ауданы)
  • Қалмақкөл көлі
  • Есіл өзенінің № 2 жайылмасы (Қызылжар ауданы)
  • Салқынкөл көлі
  • Жалтыр көлі;
  • Калдарь көлі;
  • Кіші Қоржынкөл көлі
  • Жетікөл көлі;
  • Плоское (Домашнее) көлі
  • Биесойған көлі
  • Лебеденок көлі
  • Жалтыр көлі (Есіл)
  • Жалтыр көлі (Аққайың)
  • Жаркөл көлі
  • Рыбное көлі (Воскресеновка)
  • Үлкен Долгое көлі
  • Никульское көлі
  • Чалков көлі
  • Башкир көлі
  • Беленок көлі
  • Утиное көлі
  • Кривое көлі (Жамбыл)
  • Кіші Қоскөл көлі;
  • Шубное көлі
  • Моховое көлі
  • Новое көлі
  • Окунев көлі
  • Ақсуат көлі;
  • Половинное көлі
  • Придворное көлі
  • Шабақты көлі.

АШМ түсіндіргендей, "жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Заңға сәйкес жануарлар дүниесі объектілерін алып қою лимиті жануарлар дүниесі объектілерінің санын есепке алу материалдары, олардың мекендеу ортасы, ғылыми зерттеулер мониторингі негізінде дайындалған биологиялық негіздемеге сәйкес айқындалады және оны уәкілетті орган бекітеді.

"Ұсынылған биологиялық негіздемелерге байланысты Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының балық шаруашылығы су айдындарына" 2024 жылғы 1 шілдеден бастап 2025 жылғы 1 шілдеге дейін балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қою лимиттерін бекіту туралы "Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығына тиісті толықтырулар енгізіледі",-делінген негіздемеде.

Құжат 20 тамызға дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: