Алматы мен Алматы облысында есірткі заттарын сатқан бір топ адамға қатысты сот үкімі шықты

Сот үкімі, Алматы, Алматы облысы, есірткі заттарын сату, бір топ адам , сурет - Zakon.kz жаңалық 21.08.2024 17:33 Сурет: Zakon.kz
Алматы қаласы мен Алматы облысында есірткі заттарын сатқан бір топ адам сотталды. Бұл туралы 2024 жылы 21 тамызда Алматы қаласының прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство мәліметінше, Бостандық ауданының прокуратурасы есірткілерді өндіріп, сатқан бір топ адамға қатысты мемлекеттік айыптауды қолдады.

"X" азаматы 3 жыл бойы тұрғын үйінің ауласында қарасора бұталарын өсірген. Оның сыбайластары, өсірілген марихуананы алып, оны орап, сатумен айналысқан. Мемлекеттік айыптаушының ұстанымын ескере отырып, сот сотталушылардың мүлкілерін тәркілей отырып, 12 жылға бас бостандығынан айырды".Алматы қаласының прокуратурасы

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қала прокуратурасы азаматтарды күмәнді табыс ұсыныстарына сақтықпен қарауға шақырады.

 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: