Жаңалықтар тізбегі
0

"Үсті-басы қан-жоса". Алматыда тағы бір әнші қамауға алынды

Алматыда тағы бір әнші қамауға алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.08.2024 22:36 Сурет: Facebook/Алтынбек Ташимбетов
Әнші Алтынбек Тәшімбетов мас күйде қаладағы ауруханалардың біріне таңғы уақытта ерні жарақаттанып түскен. Ол дәрігерлердің алғашқы медициналық көмекті дереу көрсетпегеніне ашуланып, мекеменің әйнегін сындырған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әнші Алтынбек Тәшімбетов полициядан бір-ақ шықты. Оқиға осыдан екі күн бұрын таңғы уақытта №12 орталық клиникалық ауруханада болған. Әнші отырыстардың бірінде күзетшімен ерегісіп, қанжоса күйінде ауруханаға келеді. Бірақ ем-дом дер кезінде жасалмады деп айқайға басқан, деп хабарлайды КТК.

Әншінің өзі Instagram-дағы парақшасында желідегі видеосына қатысты түсініктеме беріп, 10 күнге қамалғанын айтты.

"Желіде киімсіз менің суреттерім мен видеом жарияланып жатыр. Ондай оқиға болды, оны жоққа шығармаймын. Дегенмен, міне өздеріңіз көрініп тұрғандай, ернімнің маңы жырылып тоқтамай, қатты қан кетті, сол себепті жедел жәрдем қызметкерлері менің үстімдегі киімді шешіп тастаған еді. Әрине, қателігімді мойындап, барлық тараптан кешірім сұрадым. Бірақ әкімшілік сот маған қатысты 10 тәулікке бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Уайымдап, хабарласып жатқан барлық жанға рақмет!", - дейді әнші Алтынбек Тәшімбетов үйінің есік алдында түскен видеосында.

Айта кетейік, мұндай бұзақылық әрекетімен танылып жатқан өнер жұлдыздарының бұл алғашқысы емес. Бұған дейін Тұрсынбек Қабатов та ұшақтағы жанжалы үшін қамауға алынған. Кейін әнші Қайрат Нұртас та 15 тәулікке темір торға тоғытылды.

Алтынбек Тәшімбетов "Камила", "Достарым менің керемет", "Айтшы жаным", "Қоңырат қыз" сынды той әндерін орындайды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: