Жаңалықтар тізбегі
0

Павлодарда полицейлер сүйегі екі жыл бұрын табылған ер адамның кім екенін анықтауға тырысып жатыр

Ер адам, Павлодар облысы, адам сүйегі табылды, анықтау, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.09.2024 19:19 Сурет: pixabay
2022 жылдың тамыз айында Павлодар облысы Аққулы ауданының полицейлері Шарбақты ауылынан Жабағылыға қарай 15 шақырым жердегі шабындықтан адам сүйектері табылды. Сот-медициналық сараптама қорытындысы тек екі жылдан кейін жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Pavlodarnews.kz сайтының хабарлауынша, қазіргі уақытта полицейлер марқұмға қатысты ақпараттарды жинастырып, анықтап жатыр. Полицейлер бұл жағдайға қатысты кез келген ақпарат болса, 102 немесе +7 (777) 421 4157 телефондарына хабарласуды сұрайды. Анонимділікке кепілдік беріледі. 

Сот-медициналық сараптамасының қорытындысына сәйкес, сүйек шамамен 40-50 жастағы ер адамға тиесілі. Ол еуропалық нәсілден болуы мүмкін.  Бойы - 165-170 сантиметр.  

Оқиға орнынан NIKE жазуы бар трико, сұр түсті джинсы күрте, қою қызыл түсті кеудеше және ақ жемпір, сондай-ақ көк түсті резеңке аяқ киім табылды.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: