Лаура Мерсалимова ҚР әділет вице-министрі болып қайта тағайындалды

Лаура Мерсалимова, ҚР әділет вице-министрі, кадрлық тағайындау, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.09.2024 20:56 Сурет: gov.kz
2024 жылы 11 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Лаура Қанатқызы Мерсалимова әділет вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

12 қыркүйекте ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі жариялаған Үкімет қаулысында осылай делінген.

Лаура Мерсалимова 1981 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келді. Ол Қазақ гуманитарлық-заң университетін, РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.   

Еңбек жолын 2002 жылы ҚР Әділет министрлігі АХАЖ бөлімінің жетекші маманы болып бастады.

2003-2010 жылдары — ҚР ӘМ жетекші маман, бас маман, бөлім бастығы, басқарма бастығы.

2010-2014 жылдары — ҚР ӘМ департаменті директорының орынбасары.

2014 жылы ҚР тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі Заң қызметі департаментінің директоры болды.

2014-2023 жылдары — "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасында департамент директорының орынбасары, басқарушы директор – департамент директоры.

2024 жылғы наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін ол ҚР әділет вице-министрі болып келді.

2024 жылдың қыркүйегінен бастап бұрын осы қызметті атқарған Мұқанова Алма Қайратқызы басқа жұмысқа ауысуына байланысты босатылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: