Жаңалықтар тізбегі
0

Нарықтағы үстем жағдайын теріс пайдаланған Petrosun компаниясына 875 млн теңге айыппұл салынды

Дизель, нарық, үстем жағдай, Алматы, Petrosun, айыппұл, БҚДА, Жоғары сот, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.09.2024 17:23 Сурет: Zakon.kz
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті нарықтағы үстем жағдайын теріс пайдалану фактісі бойынша "Petrosun" ЖШС-ға қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Агенттік 2024 жылы 18 қыркүйекте ЖШС-ның нарықтағы үстем жағдайын теріс пайдалануы жекелеген сатып алушылармен дизель отынын өткізу жөніндегі шарттарды жасасудан бас тартуда тауар нарығындағы бәсекелестікті шектеуге әкелу түрінде сипатталатынын нақтылады.

"2024 жылы 16 шілдеде Жоғарғы соттың Әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен тергеу қорытындылары заңды деп танылған жергілікті соттардың сот актілері өзгеріссіз қалдырылды. Сондай-ақ 12 қыркүйекте Алматы қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен аталған ЖШС "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Кодекстің 159-бабының 4-бөлігі бойынша алдыңғы жазадан кейін бір жыл ішінде жасалған қайталап бұзушылыққа байланысты әкімшілік жауаптылыққа тартылды", делінген БҚДА хабарламасында.

ЖШС 875 млн теңге көлемінде әкімшілік жазаға тартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: