Полиция Талғардағы төбелеске қатысушыларды ұстаған сәттерін көрсетті
Сурет: Instagram/police_almobl
Алматы облысының полиция департаменті салдарынан бір жігіт қаза тапқан Талғардағы төбелеске қатысушыларды қалай ұстағандарын көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Айта кетсек, Талғар қаласында 4 қазанға қараған түні жас жігіттер сөзге келіп қалып, арты жанжалға ұласқан. Салдарынан екі жігіт аудандық ауруханаға жеткізіліп, олардың бірі алған жарақатынан жансақтау бөлімінде қайтыс болды.
"Кісі өлтіру фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның барлық қатысушылары ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды.Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайларының толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз ету үшін қажетті тергеу іс-шаралары жүргізілуде.Қылмыстық істі тергеу облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында", делінген полиция хабарламасында.
Тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жариялауға жатпайды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript